Размер шрифта:
↑

«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Дата: 2026-10-12 08:32:02
«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 9 қазанда Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 5–6-сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
 
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту және дарынды оқушыларды анықтау.
 
Білім додасы барысында оқушылар өздерінің математикалық білімдерін, тапқырлығы мен ойлау шапшаңдығын сынап, қабілеттерін көрсетті.
 
Жас математиктерге сәттілік тілейміз! Білімге деген құштарлықтары артып, биік белестерді бағындыра берсін! 
 
Математика – дәлдік пен логиканың, білім мен ізденістің негізі!
Автор: №7 МГ