МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Дата: 2026-09-30 14:21:36
МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ
2026 жылдың 23 қыркүйек күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8–11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі нәтижелер көрсетті.
 
 «Нарында» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша:
 
10 сынып оқушысы Сембек Даринаның Махамбет Өтемісұлының «Беркініп садақ асынбай» шығармасына салған иллюстрациялық суреті жоғары дәрежеде бағаланып, І орынға ие болды.
Облыстық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Сатыбалдина П.А.
 
 «Біз неткен ер, неткен ер?» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарының бірін қорғау бағыты бойынша:
 
Тілеубек Адина, сынып оқушысы — ІІ орынға ие болды.
Жетекшісі: Сатыбалдина П.А.
Тілеубек Ділдә, 10 сынып оқушысы — Сертификат.
Жетекшісі: Батталова А.О.
 
 Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшілерге еңбегі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз!
 
Жетістіктеріңіз құтты болсын!
Дарина, облыстық кезеңде биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз!
Автор: №7 МГ