08.09.2025ж ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаветың жолдауына пікір 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдің ертеңін айқындайтын тың бастамаларға жол ашты. Бұл Жолдау – келешекке б

Дата: 2026-02-23 11:57:53
08.09.2025ж ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаветың жолдауына пікір
    2025 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдің ертеңін айқындайтын тың бастамаларға жол ашты. Бұл Жолдау – келешекке бастар нық қадам.
 Президент көтерген ең басты мәселелердің бірі – жасанды интеллект пен цифрландыру дәуіріне ілесу. Бұл – әлемдік өркениеттің көшінен қалмай, білім мен ғылымды, өндіріс пен тұрмысты жаңа белеске көтерудің кепілі.
Жолдауда халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл-аймақтың жағдайын көтеру жайы кеңінен сөз болды. Бұл – қарапайым халықтың көңіліндегі көптен күткен тілекке жауап беретін ізгі қадам. Сонымен бірге Президенттің бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсынысы  батыл шешімдердің бірі. Ол ел басқарудағы икемділікті арттырып, заң шығару ісін дамытады деп ойлаймын. Мұндай реформаның түпкі мақсаты – халықтың сенімін ақтау, әділдікті орнату.
   Жолдаудың өн бойынан елге деген жанашырлық, болашаққа деген жауапкершілік, ұлтқа деген сүйіспеншілік айқын сезіледі. Әрбір бастама – еліміздің өркендеуі жолындағы нақты қадам, әрбір сөз – халықтың қамын ойлаған шынайы ниет.
    Қорыта айтқанда, бұл Жолдау – Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқанын білдіретін тарихи құжат. Оны жүзеге асыру – тек биліктің емес, баршамыздың парызымыз. Халық пен мемлекет бірге болса ғана, елдің еңсесі биік, болашағы жарқын болмақ.
Автор: №7 МГ