Размер шрифта:

«Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген сұхбатына пікір Жаңғырудың жаңа кезеңіндегі Қазақстан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты - еліміздің ертеңгі даму бағытын айқындап берген стратегиялық

Дата: 2026-02-23 09:59:43
«Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген сұхбатына пікір Жаңғырудың жаңа кезеңіндегі Қазақстан  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты - еліміздің ертеңгі даму бағытын айқындап берген стратегиялық
«Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген сұхбатына пікір
Жаңғырудың жаңа кезеңіндегі Қазақстан
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты - еліміздің ертеңгі даму бағытын айқындап берген стратегиялық маңызы бар құжат деп ойлаймын. Мектеп басшысы ретінде бұл сұхбатта көтерілген мәселелердің білім беру саласына тікелей қатысы бар екенін атап өткім келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын басты құндылық ретінде ұсынуы – қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың негізгі тірегі. Заң үстемдігі орнаған елде ғана әділдік салтанат құрып, әрбір азамат өз болашағына сеніммен қарай алады. Бұл ұстаным әр адамды жауапкершілікке, тәртіпке, өз ісіне адал болуға тәрбиелейді. Президент атап өткен ұлттық әскери мектеп жүйесінің қалыптасуы - жас ұрпақты тәртіпке, отансүйгіштікке, ел алдындағы борышты сезінуге баулитын маңызды қадам. Колледжден бастап университетке дейінгі үздіксіз әскери-патриоттық тәрбие беру -  ел қорғаны болатын саналы, жігерлі азаматтарды қалыптастырудың тиімді жолы. Сонымен қатар, Қазақстанның цифрлық державаға айналуы қажеттігі туралы ой - уақыт талабынан туған стратегиялық шешім. Цифрландыру білім сапасын арттырып, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп, экономиканың дамуына серпін береді. Бұл - еліміздің жаһандық бәсекеге қабілетті болуына бағытталған нақты бағдар.
Қорыта айтқанда, Президент көтерген заң мен тәртіп, тәрбие мен патриотизм, цифрлық даму мәселелері - бір-бірімен өзара сабақтас ұғымдар. Осы құндылықтар тоғысқанда ғана Қазақстан өркениетті, қуатты және болашағы нық мемлекетке айналады.
Біз, ұстаздар қауымы, Президенттің бұл бастамаларын мектеп өміріне енгізе отырып, еліміздің болашағы – адал азаматтарды тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді саламыз.
Автор: №7 МГ