2026 жылдың 28 қаңтарында Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК базасында 7-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың ма

Дата: 2026-02-23 09:38:39

2026 жылдың 28 қаңтарында Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК базасында 7-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани мұрасын дәріптеу, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту. Мектеп-гимназиямыздың оқушылары өте жақсы нәтиже көрсетті.

1. 9 «А» сынып оқушысы Сембек Дарина ІІІ орын «Бейнелеушілер» бағыты бойынша

2. 10 «Б» сынып оқушысы Есенова Аружан ІІ орын «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша

3. 9 «Ә» сынып оқушысы Зарубек Нұрдана ІІІ орын «Жас қаламгер» бағыты бойынша

4. 9 «А» сынып оқушысы Қуаныш Нұрайлым І орын «Сөз шебері» бағыты бойынша + облыстық кезеңге жолдама

5. Тайтөлеуова Саяжан І орын (дәстүрлі ән) «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша + облыстық кезеңге жолдама

Жеңімпаз оқушымызды зор жетістігімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыстар тілейміз

Автор: №7 МГ