2025 жылдың 24 қазанында өткен қалалық деңгейдегі «ЭКОНОМ және К» зияткерлік байқауында мектебіміздің оқушысы айрықша нәтиже көрсетті. Экономикалық сауаттылық пен білімді ұштастырған бұл додаға барлығы 4 оқушы қатысып, бақ сынаған болатын. Жетістік: Қала
Дата: 2026-02-23 09:23:22
2025 жылдың 24 қазанында өткен қалалық деңгейдегі «ЭКОНОМ және К» зияткерлік байқауында мектебіміздің оқушысы айрықша нәтиже көрсетті.
Экономикалық сауаттылық пен білімді ұштастырған бұл додаға барлығы 4 оқушы қатысып, бақ сынаған болатын.
Жетістік:
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша, білімімен оқ бойы озық шыққан оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алды:
Әбубәкір Айсәуле — Облыстық кезеңге өтті.
«ЭКОНОМ және К» байқауы оқушылардың экономикалық ойлау қабілетін дамытуға, кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Әбубәкір Айсәулені және оның жетекшілерін осынау маңызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде мектеп намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!