29 қазан күні мектеп-гимназиямыздың оқушылары Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» облыстық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. «Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша 5–8 сыныптар арасында
29 қазан күні мектеп-гимназиямыздың оқушылары Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» облыстық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
«Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша 5–8 сыныптар арасында өткен сайыста 6 “Д” сыныпп оқушысы Рахымбек Аян ІІІ дәрежелі дипломмен және 20 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Жетекшісі:Батталова А.О.
«Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша 9-11 сыныптар арасында өткен сайыста 9 “А” сынып оқушысы Қуаныш Нұрайлым ІІ дәрежелі дипломмен және 30 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: Сатыбалдина П.А.
«Даналық үні-қара сөз» номинациясы бойынша 10 “А” сынып оқушысы Райс Төле ІІ дәрежелі дипломмен және 30 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: Сатыбалдина П.А.
Байқаудың мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың өнер мен тілге деген қызығушылығын арттыру.
Барлық жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!