Математика пәнінен өткен 5-6 сыныптарға арналған “ Алтын сақа” олимпиадасының қорытындысы
2025 жылдың қазанның 10 күні мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен “Алтын сақа” олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау болды.
Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін, есеп шығару шеберліктерін және тапқырлықтарын көрсетті. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдамаға ие болды.
Қалалық кезеңге жолдама алды:
5 сыныптардан: 5 «Ә» сынып оқушысы Шұғайбек Айбибі, 5 «Б» сынып оқушысы Шырақбай Абдурахман, 5 «Г» сынып оқушысы Жунусова Айсель .
6 сыныптардан: 6 «Ә» сынып оқушысы Алдаберген Бекнар, 6 «Б» сынып оқушылары Ерғали Айару және Таласхан Айару .
Барлық қатысушыларға және жетекшілеріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!
Оқушылардың алған білімдері мен жетістіктері алдағы уақытта да арта берсін!