Мектеп асханасына бракераждық тексеріс жүргізілді Оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тағаммен қамтамасыз етілуі мақсатында мектеп асханасына бракераждық комиссия тарапынан тексеріс жүргізілді.

Дата: 2026-02-22 21:06:25
Мектеп асханасына бракераждық тексеріс жүргізілді Оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тағаммен қамтамасыз етілуі мақсатында мектеп асханасына бракераждық комиссия тарапынан тексеріс жүргізілді.
Тексеріс барысында:
- Тағамның дайындалу уақыты мен температурасы;
- Тағамдардың сыртқы көрінісі, дәмі мен иісі;
- Гигиеналық талаптарға сәйкестігі;
- Асхана қызметкерлерінің санитарлық талаптарды сақтау деңгейі;
- Өнімдердің сақтау мерзімі мен құжаттарының болуы назарға алынды.
Нәтижесінде: 
Барлық ұсынылған тағамдар сапа мен санитарлық талаптарға сәйкес деп танылды. Асхана жұмысы қанағаттанарлық деңгейде ұйымдастырылған. Бракераж журналы уақытылы толтырылып, талапқа сай жүргізіліп отыр.
Мұндай тексерістер оқушылардың денсаулығын сақтау және тағам сапасын бақылау үшін тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Автор: №7 МГ