Іс-шара: «Бақытты бала – бақытты отбасы» сауалнамасы Өткізілген күні: 20 қараша 2025 жыл Қатысушылар: 5–7 сынып оқушылары Сауалнама мақсаты

Дата: 2026-02-22 21:04:13
Іс-шара: «Бақытты бала – бақытты отбасы» сауалнамасы Өткізілген күні: 20 қараша 2025 жыл Қатысушылар: 5–7 сынып оқушылары Сауалнама мақсаты
Отбасы құндылықтары туралы оқушылардың ой-пікірін анықтау;
Баланың бақытты болуы үшін қандай жағдайлар маңызды екенін білу;
Мектеп пен отбасының бірлескен тәрбиелік жұмысын жетілдіруге қажетті ақпарат жинау.
Сауалнама нәтижелерінің мазмұны
1. Оқушылардың басым бөлігі өзін отбасында бақытты сезінетінін көрсетті.
Олар ата-анасының қолдауы, жақсы қарым-қатынас, бірлескен уақыт өткізудің маңызын атап өтті.
2. Балалардың көпшілігі отбасыдағы жылы атмосфера мен түсіністікті бақытты отбасының басты көрсеткіші ретінде атады.
3. Кейбір оқушылар қосымша пікірлер білдірді:
o ата-анамен ашық әңгімелесу уақытын көбейту;
o бірлескен отбасылық шараларды жиі өткізу;
o мектеп пен ата-ананың бірлескен тәрбиелік іс-шараларын дамыту.
4. Отбасы қарым-қатынасына байланысты қиындықтар бар екенін білдірген оқушылар саны өте аз.
Бұл мәселелер психолог пен сынып жетекшілерінің бақылауына алынды.
Автор: №7 МГ