Іс-шара атауы: «Салауатты тәрелке» Өткізілген уақыты: 19–24 қараша 2025 жыл Қатысушылар: 1–4 сынып оқушылары Номинация: «Ең тәртіпті сынып»

Дата: 2026-02-22 21:02:12
Іс-шара атауы: «Салауатты тәрелке» Өткізілген уақыты: 19–24 қараша 2025 жыл Қатысушылар: 1–4 сынып оқушылары Номинация: «Ең тәртіпті сынып»
Іс-шараның мақсаты
Бастауыш сынып оқушылары арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру;
Асханада өзін-өзі ұстау, тәртіп сақтау дағдыларын дамыту;
Салауатты өмір салтына қызығушылықты арттыру;
Үлгілі сыныптарды анықтап, ынталандыру.
Іс-шара барысы
19–24 қараша аралығында 1–4 сыныптар арасында асханадағы тәртіп, тазалықты сақтау, дұрыс тамақтану ережелері бойынша бақылау жүргізілді. Әр сыныптың тәртібі күн сайын белгіленіп, жалпы қорытынды шығарылды.
Нәтижесі («Ең тәртіпті сынып» номинациясы)
Бақылау нәтижесі бойынша өздерін асханада мәдениетті, тәртіпті ұстап, салауатты тамақтану талаптарын үлгілі түрде орындаған төмендегі сыныптар «Ең тәртіпті сынып» номинациясына ие болды:
1-сынып: 1 «Д»
2-сынып: 2 «Ә»
3-сынып: 3 «А»
4-сынып: 4 «Б»
Автор: №7 МГ