Іс-шара тақырыбы: «Оқушылардың асханада өзін-өзі ұстау ережелері» Өткізілген күні: 19 қараша 2025 жыл Қамтылған аудитория: 1–11 сынып оқушылары Форматы: Таратпа парақшалар, түсіндіру жұмысы, қысқаша нұсқаулықтар

Дата: 2026-02-22 21:01:09
Іс-шара тақырыбы: «Оқушылардың асханада өзін-өзі ұстау ережелері» Өткізілген күні: 19 қараша 2025 жыл Қамтылған аудитория: 1–11 сынып оқушылары Форматы: Таратпа парақшалар, түсіндіру жұмысы, қысқаша нұсқаулықтар
Іс-шараның мақсаты
Оқушыларға асханада мәдениетті қарым-қатынас пен тәртіп сақтау ережелерін түсіндіру;
Тазалық пен қауіпсіздік талаптарын сақтау дағдыларын қалыптастыру;
Қоғамдық орындарда этикалық нормаларды нығайту.
Өткізілген жұмыс мазмұны
1. 1–11 сыныптар арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сынып жетекшілері мен тәлімгерлер оқушыларға асханада:
o кезекпен жүру,
o үстел басында дұрыс отыру,
o шуламау,
o тағамды төкпеу,
o ыдыстарды ұқыпты пайдалану,
o қызметкерлерге құрмет көрсету
сияқты негізгі тәртіп ережелерін түсіндірді.
2. Таратпа ақпараттар үлестірілді.
Әр сыныпқа асханада өзін-өзі ұстаудың қысқаша ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратылды. Парақшаларда:
o қауіпсіздік талаптары,
o санитариялық-гигиеналық нормалар,
o дұрыс тамақтану мәдениеті
туралы мәліметтер берілді.
3. Қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударылды.
Ыстық тағамдармен дұрыс әрекет ету, абай болу, бір-бірін итермеу, асхана құралдарын дұрыс қолдану ескертілді.
Автор: №7 МГ