2026 жылдың 6 қаңтарында қаламыздағы №12 жалпы білім беретін мектеп базасында «Қысқы мектеп» аясында қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіне арналған практикалық семинар өтті.
Дата: 2026-02-22 20:45:54
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалаудың заманауи құралдарын практикада қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарда Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметжанова Алуа Санакбаевна «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қалыптастырушы бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында практикум жүргізді. Практикалық жұмыс барысында педагогтер қалыптастырушы бағалау құралдарының күнделікті педагогикалық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.