25 қыркүйек күні “Қазақстан Ресбупликасының халық қаһарманы” Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш технология және сервис колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен “С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы” КММ 9 “Ә” сынып оқушыларына арнал
Дата: 2026-02-22 19:28:25
25 қыркүйек күні “Қазақстан Ресбупликасының халық қаһарманы” Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш технология және сервис колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен “С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы” КММ 9 “Ә” сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Іс-шараның басты тақырыбы «Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың кепілі» болды.
Кездесу барысында колледждің мамандары оқушыларды аспаз және шаш үлгісін жасау мамандықтарымен таныстырды. Оқушыларға осы мамандықтардың ерекшеліктері, талаптары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Аспаз мамандығының шығармашылық және практикалық аспектілері, сондай-ақ шаш үлгісін жасау саласындағы трендтер мен техникалар талқыланды.