15 қазан күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында “Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында “Ұшқыр ой алаңы” жобасы бойынша “Әжемнің ертегісі” қалалық оқу марафоны өтті.
Дата: 2026-02-22 19:04:26
Марафонға қаламыздың бастауыш сынып оқушылары қатысып, қазақ халқының ертегілерін насихаттау арқылы рухани құндылықтарды дәріптеді.
С. Сейфуллин атындағы №7 мектептің оқушылары бұл байқауда үздік өнер көрсетіп, 2 «Д» сынып оқушысы Сүйеубай Айдос Русланұлы III орын иеленді. Ал жетекшісі Шымырбаева Бағлан Шынасловна оқушылардың ұлттық тәрбие мен рухани мұраны ұлықтауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Шараның басты мақсаты — балаларды қазақ халқының ауыз әдебиетіне қызықтырып, ұлттық құндылықтар мен ізгілікке тәрбиелеу.