Математика пәнінен өткен “ Алтын сақа” олимпиадасының қорытындысы

Дата: 2026-02-22 18:48:55
Математика пәнінен өткен “ Алтын сақа” олимпиадасының қорытындысы
2025 жылдың қазанның 3 күні мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен “Алтын сақа” олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау болды.
 
Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін, есеп шығару шеберліктерін және тапқырлықтарын көрсетті. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдамаға ие болды.
 
Қалалық кезеңге жолдама алды:
3 сыныптардан: Сулейман Айзере, Шәймерден Ажар, Сағатова Раяна. 
4 сыныптардан: Ерланұлы Асылмұрат, Құрмаш Мұхаммед, Ерғазы Алижан. 
 
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!
Оқушылардың алған білімдері мен жетістіктері алдағы уақытта да арта берсін!
Автор: №7 МГ