13.12.24ж. кітапханада «Желтоқсан желі» атты тақырыпта 5 Ә сынып оқушыларымен кітапхана сағаты өтті.
Дата: 2025-01-13 11:06:56
Шара барысында кітапханашы оқушыларға Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы туралы қысқаша әңгімелеп берді. Оқушылар Желтоқсан оқиғасының қаһармандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановалардың ерліктері туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар «Тәуелсіздік ұрпақтары» ойынын сотканың кюар коды арқылы ашып, берілген сұрақтарға жауап берді және «Отан» туралы мақал-мәтелдер айтты.
Шара соңында «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты кітап көрмесіне шолу жасады.