Прием ведется на 2023-2024 учебный год.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №7 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2023-2024 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 ж. №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.11.2021 ж. №432 бірлескен бұйрығына сәйкес
жұмысқа орналасу конкурсы
2023 жылғы 23 тамыз күні сағат 10.00 өтетінін хабарлайды.
1 √Қабылдау 2023-2024 оқу жылына жүргізіледі.
2 √Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.
3 √Қажетті құжаттар тізімі:
√Байқауға қатысу туралы өтініш;
√Жеке басты құжаттың көшірмесі;
√ Кадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады (нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
√ Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері;
√ Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, магистр-педагог біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
√ Біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
√ Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);
√ Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);
√ Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағыжәне 5х6-2дана 3х4-2дана фото;
√ Денсаулық жағдайы туралы анықтама (EGOV сайтынан алу);
Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы;
Наркологиялық ұйымының анықтамасы;
Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама;
Тубекулезге қарсы диспансерден анықтама;
4 √Конкурсқа қатысу үшін:
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттар пошта бойынша, қолма-қол Балқаш қаласы, Сатпаев ықшам ауданы, 1 ғимарат мекен-жайы бойынша, және shkola.gimnaziya7@mail.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 8 (710) 36 5-54-53; 8 (710) 36 5-40-99.
5 √Келесі лауазымдар бойынша бос орындар бар:
√ Орыс тілі мен әдебиеті - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына);
√Тарих пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына);
√ Биология пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме (бос орын);
√ География пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме (бос орын);
√ Педагог-психолог - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына)
√ Әлеуметтік педагог - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына)
√ Бөлмені жинап тазалаушы- 2 жүктеме (бос орын)