Прием ведется на 2023-2024 учебный год.

Дата: 2023-08-17 18:44:56

 

ҚАРАҒАНДЫ  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ 

БАЛҚАШ  ҚАЛАСЫ  БІЛІМ  БӨЛІМІНІҢ 

«СӘКЕН  СЕЙФУЛЛИН  АТЫНДАҒЫ  №7 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІ

 

2023-2024 оқу жылынан  бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 ж. №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.11.2021 ж. №432 бірлескен бұйрығына сәйкес

жұмысқа орналасу конкурсы

2023 жылғы 21 тамыз күні сағат 10.00 өтетінін хабарлайды.

 

1 √Қабылдау 2023-2024 оқу жылына жүргізіледі.

2 √Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

3  √Қажетті  құжаттар  тізімі:

√Байқауға қатысу туралы өтініш;

√Жеке басты құжаттың көшірмесі;

√ Кадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады (нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

√ Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері;

√ Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, магистр-педагог біліктілік санатының сертификаты (бар болса); 

√ Біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

√ Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);

√ Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);

√ Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағыжәне 5х6-2дана 3х4-2дана фото;

√ Денсаулық жағдайы туралы анықтама (EGOV сайтынан алу);

   Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы;

   Наркологиялық ұйымының анықтамасы;

   Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама;

   Тубекулезге қарсы диспансерден анықтама;

4  √Конкурсқа қатысу үшін:

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттар пошта бойынша, қолма-қол Балқаш қаласы, Сатпаев ықшам ауданы, 1 ғимарат мекен-жайы бойынша, және shkola.gimnaziya7@mail.ru  электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 8 (710) 36 5-54-53; 8 (710) 36 5-40-99.

5 Келесі лауазымдар бойынша бос орындар бар:

 

√  Директордың оқу ісі жұмысы жөніндегі орынбасары - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына);

√Математика пәнінің мұғалімі - 2 жүктеме (тұрақты жұмыс орыны және жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына);

√  Физика пәнінің мұғалімі - 2 жүктеме (тұрақты жұмыс орыны және жүкті жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына);

√  Орыс тілі мен әдебиеті - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына);

√Тарих пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына);

√  Биология пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме (бос орын);

√  Педагог-психолог - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына)

√  Әлеуметтік педагог - 1 жүктеме (жаңа туған баланы күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына)

√  Бөлмені жинап тазалаушы- 2 жүктеме (бос орын)