«С.Сейфуллин атындаға №7 мектеп-гимназиясы» КММ психологтарының апталық ақпары
28.03.23күні АСППМ бойынша 4 «В», 4 «Г» сыныптарынан «Оқу мотивациясының деңгейін бағалау сауалнамасы»
Мақсаты: мектептің мотивациясын анықтау. Оқушылардың мектептегі мотивациясының деңгейін тексеру.
29.03.23 күні 3 «А»,3 «Д» сынып оқушыларымен «Талабыңа нұр жаусын» дарынды оқушыларға арналған тренингі өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі талаптың адам өміріндегі маңызы жайлы тереңірек ұғыну.
Дарындылық және қабілет ұғымы туралы түсінік беріліп, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі тануына мүмкіндік жасалды. Тренинг арқылы бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнатылды.
30.03.23күні АСППМ бойынша 3 «Г» сыныбынан «Оқу мотивациясының деңгейін бағалау сауалнамасы»
Мақсаты: мектептің мотивациясын анықтау. Оқушылардың мектептегі мотивациясының деңгейін тексеру.
31.03.23күні бастауыш сынып оқушыларының жыл аяғындағы көңіл-күйлерін анықтауда психологиялық ойындар , кеңестер өткізілді. Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалыс уақытын дұрыс жоспарлауға кеңес беру. Психологиялық ойындар «Менің көңіл-күйім» жаттығуы. Мақсаты:оқушылардың көңіл-күйін игере , қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.