С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ Қамқоршылық кеңесі отырысы №2 хаттама көшірмесі
С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ
Қамқоршылық кеңесі отырысы
№2 хаттама көшірмесі
Күні: 09.09.2022ж
Қатысқаны:қамқоршылық кеңестің мүшелері – 9
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен және міндеттерімен, құжаттарын және кеңес ережесімен таныстыру.
/Қамқоршылық кеңес төрағасы М.Н. Көшербаев/
2. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көрсетілген көмек түрлеріне қатысу
/мектептің әлеуметтік педагогы Оралова А.А./
3. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің ісі» тақырыбында
/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимбеков Ш.Р./
4. Мектеп асханасы жұмысының бақылауының қорытындысы
/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Салыкбаева/
Тыңдалды:
Көшербаев М.Н.- қамқоршылар кеңесінің төрағасы
- Биылғы оқу жылындағы қамқоршылық кеңес мүшелерімен және олардың міндеттерімен, құжаттарын және кеңес ережесімен таныстырып өтті. Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылында мектеп әкімшілігімен бірлесіп атқаратын іс-шара жоспарымен таныстырып өтті. Биылғы оқу жылында ата-аналармен отбасы сағаттарын жиі ұйымдастыруды жоспарға қосқаны туралы айтылды.
Оралова А.А. – әлеуметтік педагог.
- Қазіргі таңда «Жалпыға білім беру қорынан» бөлінген қаражатқа тіркелген 121 баланың әрқайсысы 37000теңгеден алса, демеушілердің көмегімен 14 бала толық киімдерімен және сөмке, оқу-құралдарымен қамтамасыз етілгендігін призентатциямен көрсетіп өтті.
Рахимбеков Ш.Р. - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асыру мен білім ұйымдарында ішкі тәртіптік қағидаларының бұзушылығын болдырмау мақсатында құрылған бұйрық аясында сөз алып, жөндеу жүргізу, жиһаз, құрал-жабдық сатып алу, нысандарды тазалау, оқытушылар құрамына сыйлықтар, мерекелік іс-шараларға және тағы да басқа мақсаттар үшін мәжбүрлі түрде қаражат жинауға үзілді-кесілді тыйым салынатындығы жөнінде айтты.
Салыкбаева Ж.К.- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Асхананың сыйымдылығына байланысты 1-11 сынып оқушыларының тамақтануына кесте жасалынды, қала бойынша біріңғай ас мәзірі дайындалып бекітілді. Асхана ыдыстары жеткілікті, асханада күрделі жөндеу жұмыстары жүрді. Асханада мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып үнемі бақылауда екендігі айтылды.
Шешім:
- Республикалық мектепке жол акциясы бойынша барлық көмекті толық таратып, басқада өмірлік қиы жағдайға тап болған, сәтсіздікке ұшыраған отбасы жағдайларын бақылауды әлеуметтік педагог А.А.Ораловаға тапсырылды.
- Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудағы іс шаралар мен мектеп асханасының жұмысын бақылауды, қамқорлық кеңесімен бірлесе атқаратын іс-шараларды ұйымдастыруды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.К.Салыкбаева мен Ш.Р.Рахимбековке жүктелсін.
Қамқоршылық кеңесі төрағасы А.М.Көшербаев
Қамқоршылық кеңесі хатшысы Ж.К.Салыкбаева