20.07.2022
Дата: 2022-07-21 09:11:54
2021-2022 оқу жылында тендер қорытындысы бойынша мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын "Балқаш жібек жолы" ЖШС директоры Түсіпбеков Марат Интзарбекович бастаған болатын.
Бүгінгі таңда жұмыс кестесі бойынша артта қалушылық бар, бұл жөндеудің барлық барысын кешіктіреді. Күнделікті мониторинг нысанда су құбыры мен кәріздің сыртқы желілері бойынша жұмыстар баяу жүріп жатқанын көрсетеді. Мұндай қарқынмен жұмыс жақын арада аяқталмайды. "Балқаш жібек жолы" ЖШС директоры Тусупбеков Марат Интзарбекович 20.07.2022 жылы сағат 15.00-де порталда біз жариялаған кеңеске қайтадан келген жоқ. "Жібек жолы" ЖШС-мен бас бухгалтер Татарчук Елена Николаевна, бас инженер Ильясов Манас және канализация жұмыстары бойынша жұмысшы Қанат Нығметов қатысты. Олар жұмысты және туындаған мәселелерді көрсетті. Фасад жұмыстары қадамдап жұріп жатыр. Бүгінгі жиналыста кестеден қалып қою және сметалық құжаттамада туындаған келіспеушіліктер бойынша мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, су құбыры және кәріз желілері бойынша туындаған мәселелер шешілді.
22.07.2022 жылға авто техқадағалау Сапарбаев Ермек шақыруымен жаңа кездесу тағайындалды және қалалық мәслихаттың депутаты Грищенко А. Н. қамқоршылық кеңестің төрағасы Көшербаев М. шақырылды.