Размер шрифта:

Жазғы демалыс кезінде балалар сендер өмірлеріңді жол көлік оқиғаларынан, тілсіз жау өрттен, т б жағдайлардан мұқият болуларың керек. Өз өмірлеріңді қауіп қатерге тікпеңдер! Көлге шомылған кезде, табиғат аясында, үйде тәртіп сақтаңдар! Әр бала көшеге,

Дата: 2022-05-25 08:33:11
Жазғы демалыс кезінде балалар сендер  өмірлеріңді жол көлік оқиғаларынан,  тілсіз жау өрттен,  т б жағдайлардан мұқият болуларың  керек. Өз өмірлеріңді қауіп қатерге тікпеңдер! Көлге шомылған кезде, табиғат аясында, үйде  тәртіп сақтаңдар! Әр бала көшеге, саябақтарға, дүкенге барарда үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:
 Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;
 Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өзіңді дұрыс ұста
 Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;
  Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;
  Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;
  Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір;
  Жағажайға, орманға жалғыз барма. Жолда жүру ережелерін сақта;
  Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүрме;
  Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе бөгде техникаға отырма;
Есіңде болсын!
•         Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді.
•         Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Я болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,
•        Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.
Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.
•        Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады
 
 
 
Автор: №7 МГ