Размер шрифта:

2020-2021 оқу жылының 8-ші қазан күні мектебімізде ZOOM платформасында «Кәмілетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында директор сағаты өтті.

Дата: 2021-10-09 09:00:40
2020-2021 оқу жылының 8-ші қазан күні мектебімізде ZOOM платформасында «Кәмілетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында директор сағаты өтті. Директор сағатына 1-11 сынып оқушыларының ата-ана комитетері қатысты. Директор сағатына жалпы қатысқан ата- ана саны 97. 
Сонымен қатар мектебіміздің инспекторы  Қасымжанова Анар Қожановна қатысып құқықбұзушылықтың алдын алудағы құқықтық баптармен таныстырып, кеңестер берілді. 
Директор сағатының күн тәртібінде 
1. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс әрекеттер туралы  таныстыру,
2. Кәмелетке толмағандардың құқытарын қорғау жөніндегі комиссиялар туралы,
3. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу туралы,
4. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық туралы
Мектеп директоры Г.М.Манатаева жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік жұмыстармен таныстырып өтті. Ата-аналар тарапынан балаға көрсетілетін қолдау жұмыстары отбасынан басталатынын ескере отырып, әр ата-ана бала құқығын қорғауға қалыптасу керектігіне кеңестер берілді. 
Мектеп директорына  ата-аналар өз ойларындағы сұрақтарын қойды.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтар:
1. Мектеп формасы туралы, яғни қыз балаларға шалбар киюге болады ма?
2. Асханадағы балалардың тамақтану жағдайы туралы 
3. Мектепте екінші аяқ киім талап етіледі ме?
Ата-аналар мектеп директорынан  тиісті жауаптарын ала алды.
Автор: №7 МГ