Алгоритм приема педагогов на работу
Педагогтарды жұмысқа қабылдау алгоритмі
№ |
Конкурсты ұйымдастыру тәртібі |
|
күні |
жауапты |
1 |
Конкурсты өткізу мерзімі мен конкурстық комиссияның құрамын бұйрықпен бекіту |
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді қабылдау ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабының 1 тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. Осы баптың 2 тармағына сәйкес конкурсты бос орны бар мемлекеттік мекеме ұйымдастырып, жүргізеді. |
19.08.2021ж. |
Мектеп директоры |
2 |
Мектеп, білім беру және білім басқармасы сайттарында, әлеуметтік желілерде конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялау. |
- Орналасқан жерін, пошталық мекенжайын, эл пошта мекежайын көрсете отырып, бос орны (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы; - негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос н/е уақытша бос лауазымның атауы; Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар; - егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізілген жағдайда, педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі |
20.08.2021ж. |
Директордың АҚТ орынбасары Конкурстық комиссия |
3 |
Конкурсқа құатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттар қабылдау, оларды тіркеу және сақтау. |
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. |
20-25.08.2021ж. |
Конкурстық комиссия |
4 |
Конкурс үміткерлері құжаттарының педагогтерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау. |
|
|
Конкурстық комиссия |
5 |
Конкурстық комиссиясының отырысында үміткерлермен әңгімелесу. |
Аудио, видео жазбалар жүргізіледі |
26.08.2021 |
Конкурстық комиссия |
|
Біліктілік талаптарына сәйкес келетін н/е комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен мектеп басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шағарады. |
Еңбек шарты ҚР Еңбек Колексінің 30 бабына сәйкес рәсімделеді. |
26.08.2021 |
Мектеп директоры |
6 |
Конкурс нәтижелері конкурсты өткізген ұйымның интернет ресурсында жарияланады. |
|
26.08.2021 |
Директордың АҚТ орынбасары Конкурстық комиссия |