Елімізде 2016 жылдан бастап жыл сайын 1 наурыз – «Алғыс айту күні» аталып өтілуде. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың №1 филиалының кітапханашысы Әлия Маратқызымен бірлесе отырып, «Алғыс айту парызым» әдеби қонақжай атты кезде
Елімізде 2016 жылдан бастап жыл сайын 1 наурыз – «Алғыс айту күні» аталып өтілуде. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың №1 филиалының кітапханашысы Әлия Маратқызымен бірлесе отырып, «Алғыс айту парызым» әдеби қонақжай атты кездесу зуум платформасы арқылы 9 сынып оқушыларымен өтті. Кездесуге «Возрождение» неміс этномәдени орталығының мүшесі, еңбек ардагері Штейн Надежда Николаевна қатысты.
Кездесу барысында «Менің қазақ еліне, қазақ халқына алғысым шексіз!» деп бастаған Надежда Николаевна қиын-қыстау заманды басынан өткізіп, депортация кезінде Қазақстанға келген әкесі Николай Штейн жайында естеліктерімен бөлісе отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сөз соңында барша қазақ еліне береке бірлік, татулық тіледі.