Денсаулық - зор байлық 7 сәуір – Дүниежүзілік Денсаулық күні. Денсаулық күніне байланысты кітапханада сәуірдің 7-сі күні «Денсаулық – зор байлық» атты тақырыпта 4б сынып оқушыларының қатысуымен әңгіме сабағы өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыла
Дата: 2021-04-13 15:14:16
Денсаулық - зор байлық
7 сәуір – Дүниежүзілік Денсаулық күні. Денсаулық күніне байланысты кітапханада сәуірдің 7-сі күні «Денсаулық – зор байлық» атты тақырыпта 4б сынып оқушыларының қатысуымен әңгіме сабағы өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға денсаулық деген сөздің мағынасын аша отырып, ережесімен таныстырды. Сонымен қатар оқушылар денсаулық туралы жұмбақтар шешіп, денсаулықтың достары мен дұшпандары туралы постер құрды. Оқушылар денсаулықты күту барысында қойған сұрақтарына жауап беріп, ойларын ортаға салды.