Хаттама №2 қараша 2019 о.ж.
«С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ
Қамқоршылық кеңесі отырысының №2 хаттамасының көшірмесі
Күні : 23.11.2019ж.
Қатысқаны: қамқоршылық кеңестің мүшелері-9 адам
Қамқоршылық кеңеске әкімшіліктен -9 адам
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен және міндеттерімен, құжаттары және кеңес ережесімен таныстыру.
2.Қамқоршылар кеңесінің кеңес мүшелерін сайлау және жұмыс жоспарын құру.
3.Мектепке жол акциясы туралы есеп беру.
/Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Рахимова Р.Т
мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог/
4.Әр түрлі сұрақтар
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрағасы Көшербаев Махмут сөз алып, қамқоршылық кеңесі мүшелерінің міндеттерімен, құжаттары және кеңес ережесімен таныстырып өтті.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
3.1 Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
3.2 Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.
3.3 Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
3.4 Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.
3.5 Мектептің білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
3.6 ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.
3.7 Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
3.8 Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
5.1 Қамқоршылық кеңесі жылына 4 мәртеден кем емес отырыс өткізеді.
5.2 Қаралған сұрақтар бойынша Қамқоршылық кеңесі шешім қабылдап, білім беру мекемесінің әкімшілігі мен Педагогикалық кеңес мәліметіне жеткізеді.
5.3 Қамқоршылық кеңесінің білім беру мекемесі материалдық-техникалық базасын дамыту үшін берген қаражат қаржыларын білім беру мекемесінің пайдалануы туралы жарты жылда бір рет директор есеп береді.
5.4 Білім беру мекемесін дамыту мүддесі үшін бюджеттен тыс қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануы үшін жауапты.
5.5 Білім беру мекемесінің бюджеттен тыс қаржысының шығысын бақылайды.
5.6 Қамқоршылық кеңесінің барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.
5.7 Қамқоршылық кеңесі оқтын-оқтын мектеп ата-аналар комитеті алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
Екінші мәселе бойынша кеңес мүшелері өз еріктерімен және бір ауыздан сайланғаны туралы және биылғы жылға жұмыс жоспарын құрылғандығы туралы хабарлап өтті.
Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог сөз алып, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы оқушыларына және алғаш мектепке келетін 1 сынып оқушыларына тамыз, қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы бойынша 70 балаға «Совенок» балалар дүкенінің сертификаттары беріліп, оқуға қажетті оқу-құралдармен қамтамасыз етілгендігі туралы айтып өтті.
Әртүрлі мәселелер бойынша мектеп директоры Г.М. Манатаева сөз алып, мектепте жасалып жатқан жұмыстармен, мектеп ішімен аралап жүріп таныстырып өтті. Алдымызда жоспарға қойылған әлі де жасалатын жұмыстардың бар екенін, оған қамқоршылық кеңестің, ата-аналардың көмегі керек екендігі де айтылып өтті.
Шешім:
1.Мектепішілік, қалалық іс-шараларға қатысуын қадағалау
2.Сәтсіз отбасыларына, қамқорлыққа алынған отбасы оқушыларына көмек көрсету.
3. Мектептегі жұмыстарға үнемі қол көмектерін беріп отыруды қадағалап отыру.
Мектеп директоры Г.М.Манатаева