«Отан отбасынан басталады

Дата: 2020-05-15 11:30:54
«Отан отбасынан басталады
Бүгін жарық дүниедегі ең жақын жандарымыздың төл мерекесі. 15 мамыр — халықаралық отбасы күні. «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет.
Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ.
Ал ата-ана үшін бала өмірінің мәні де сәні.
«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген де нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бала артыңда қалар ұрпағың. Атыңның жалғасы. Елінің болашағы. Сондықтан отбасы күні қоғамда ерекше орын алады. Бұл күннің маңыздылығы зор.

Күнделікті күйбің тіршіліктің бір күнінде отбасы күнін атап өтудің өзі жанұя мүшелерінің бір-біріне деген құрметін, сыйластығын, сүйіспеншілігін арттырады. Осы орайда 1-11 сыныптарда «Отан отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Әрдайым отбасымыз аман, бауырымыз бүтін болсын.

Автор: №7 МГ