«Алғыс айту және ризашылық»
1 наурыз алғыс айту,ризашылық,мейірімділік күні. Осы атаулы мереке көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген шуақты күннің нұрындай мейірім мен шапағат, рахым мен махаббат сезімдерін дамытатын көңілді де құнды мереке.«Ризашылық пен алғыс» тақырыбында мерекелік стенд ұйымдастырылды. Стендіге оқушылар өздерінің алғыс айтып тілектерін жазған түрлі түсті қағаздан жазалған жапырақшаларын жабыстырды.
«Біздің күшіміз бен гүлденуіміз –Қазақстан халқының бірлігі», «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» тақырыптарында мектеп кітапханасында көрме бұрыштары ұйымдастырылды.
Оқушыларға адамзатты құрметтеп, қадірлеп, бар жақсылық пен мейірімділікке алғыс айта білу мақсатында «Алғыс айта білейік!», «Татулық бірлік бастауы!»,«Достық-татулықтан басталады» тақырыптарында тәрбие сағаттары жүргізілді.Мектебіміздің еріктілер тобы «Алғыс айту және ризашылық» акциясы өткізді.
Оқушылар да, ата-аналар да, ұстаздар да осындай шуақты мерекні жақсы ниетпен, игілікпен, сезіммен қабылдап құттықтай білді.