«Мың алғыс айтамын...»
Жақсы сөз айтуға, жақсылық жасауға, әр бір адам міндетті. Алғыс сөздерінде бір сыйқырлық бар-олар арқылы біздер бір бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз.Алғыс сөздері-адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы, алғысымыз жүректен шығса болғаны. Бүгінгі алғыс айту күнін пайдаланып, аналарымызға да басымызды иіп , рахметімізді айтамыз. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту мерекесі, осы орайда С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының еріктілер тобы «Мың алғыс айтамын...» тақырыбында 17 мөлтек ауданындағы батыр аналарға алғыс айту акциясын жүргізді. Акцияға кезінде еркітілер тобының мүшелері, барған батыр аналарға өз тілектерін, ниеттерін білдіріп, көпбалалы батыр анаға құрмет көрсетті.Баршаңызға алғысымыз шексіз.