Жарғысы

Дәреже: Жарғысы

                        Қосымша

                                                                    Балқаш қаласының әкімдігінің

                                                                              2015 жылғы 30 сәуірдегі

                                                                                   № 18/06 қаулысымен

                                                                                                    БЕКІТІЛДІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі   балаларға

арналған мекеме» коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.«Балқашқаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны   жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы Балқаш қаласының әкімдігі болып табылады.

3. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы).

5.  Мемлекеттік кәсіпорынның атауы:  «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған  мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

6. Мемлекеттік кәсіпорнның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,  100300,  Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Молдагулова көшесі, 7 үй

 

2. Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

          7. Типі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы.

          8. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

          9. Мемлекеттік кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Мемлекеттік кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

         10. Мемлекеттік кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

 

 

3. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

          11. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы білім беру болып табылады.

        12. Мемлекеттік кәсіпорынның мақсаты жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде жеке бас мәдениетін, өзекті құзыреттілікке ие баланың жеке тұлғасын дамыту болып табылады.

        13. Мемлекеттік кәсіпорынның міндеттері:

        1) мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу;

        2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;

        3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;    

       4) балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;

       5) бес (алты) жастағы балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ету; 

       6) тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен өзара iс-қимыл жасау;

       7) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультативтiк көмектi ұйымдастыру.   

14. Мемлекеттік кәсіпорын тиімді тәрбие үрдісін қамтамасыз ету үшін (баланың шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру) педагогтарға келесі құқықтар береді:

         1) білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен тәрбилеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізу, авторлық бағдарламаларды тандау, қолдану;

         2) мемлекеттік білім беру стандарты талабын ескере отырып өз бетінше бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

         3) Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін балаларды оқыту және тәрбиелеу нысанын, құралдарын және әдістерін, сондай-ақ оқулықтар мен әдістемелік көрнекі құралдарды таңдау.

15. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының Мемлекеттік кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапгершілік шараларын қолдануға алып келеді.

 

4. Мемлекеттік кәсіпорынға қабылдау тәртібі

 

         16. Мемлекеттік кәсіпорынға  2 жастан  5 (6) жасқа дейінгі балалар қабылданады.

         17. Баланы уақытша немесе тұрақты қабылдау бос орынның болуына байланысты бір жыл ішінде жүзеге асырылады.

         18. Баланы Мемлекеттік кәсіпорынға қабылдау кезінде Мемлекеттік кәсіпорын мен ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдері) арасында шарт жасалады, әр күнтізбелік жыл басында бұл шарт қайтадан жасалады немесе мерзімі ұзартылады.

         19. Мемлекеттік кәсіпорынға балаларды қабылдау кезінде немесе келесі жас тобына ауыстыру кезінде  балаларды тестілеу жүргізілмейді.

         20. Мемлекеттік кәсіпорында баланың орны келесі жағдайларда сақталады:

         1) бала ауырып қалғанда;

         2) бала медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;

         3) ата-анасының бiреуiне еңбек демалысы берілгенде;

         4) бала жаз маусымында екі айға дейінгi мерзiмде сауықтырылғанда.

         21. Мемлекеттік кәсіпорыннан балаларды шығару тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойыншакелесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:

         1) ата-аналардың (немесе өзге заңды өкілдердің) өтініші;

2) Мемлекеттік кәсіпорында баланың болуына кедергі келтіретін баланың денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытындысы;

3) Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігін хабардар етпей бір айдан артық себепсіз босатса;

          4) Мемлекеттік кәсіпорындағы баланы қамтамасыз ету үшін ай сайын уақытылы төлем жүргізілмесе (10 күннен астам);

5) ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) шарт талаптарын орындамаған жағдайда.

         22. Баланың шығуы туралы ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) 7 күн бұрын жазбаша түрде хабарландырылады.

         23. Тәрбиеленушілерді қабылдау жүзеге асырылады:

         1) тиісті саланың уәкілетті органыныңжолдауы негізінде;

2) баланың денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытындысы негізінде;

3) баланың даму тарихы негізінде;

4) эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң анықтамасы негiзiнде;

5) балаларды қабылдаупсихологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

 

5.  Білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі

        

         24. Мемлекеттік кәсіпорында тәрбиелеу мен оқыту үрдісі келесі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

         1) Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне;

2) Мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті актілеріне (Мемлекеттік кәсіпорын директорының бұйрықтарына, ішкі тәртіп ережелеріне, штаттық кестеге, Мемлекеттік кәсіпорын және әр баланың ата-анасы немесе өзге заңды өкілдер арасындағы жасалған шартқа).

         25. Тәрбиелеу-оқыту үрдісіне жеке бағыт көрсету ерекшеліктері:

1) тәрбиелеу-оқыту жүйесінде ең бастысы бала, оның интеллектуалды және рухани дамуы;

26. Тәрбиелеу-оқыту үрдісін ұйымдастыру кезінде әрбір балаға кепілдеме беріледі:

1) балаларға білім беру барысында психологиялық және физикалық денсаулығын қорғауға және нығайтуға кепіл беретін жағдайлар жасауға;

  1. оның намысын қорғауға;

3) физикалық, моралдық және психологиялық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғауға;

4) оның шығармашылық және қызығушылық қабілеттерінің дамуына;

5) ата – аналардың (немесе өзге заңды өкілдердің) тілегімен және баланың бейіміне, қабілетіне сәйкес қосымша ақылы оқыту қызметін және дәрігерлік көмек алуға.

         27. Тәрбиелеу-білім беру үрдісі тәртібінің ұйымдастырушылық ерекшеліктері:

1) Мемлекеттік кәсіпорында жалпы дамытушылық  4  топ қызмет етеді;

2) бес күндік жұмыс тәртібі;

3) Мемлекеттік кәсіпорындағы топтардың жұмыс тәртібі 10,5 сағатты құрайды; 

4) ұйымдастырылған оқу қызметінің саны және ұзақтығы оқытудың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу жоспарымен анықталады.

28. Мемлекеттік кәсіпорынға медицицналық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау органы жүзеге асырады:

29. Мемлекеттік кәсіпорында штаттық кестеге сәйкес медициналық қызметкерлері бекітілген.

30. Мемлекеттік кәсіпорын медициналық қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелері шегінде медициналық қызмет және бірінші медициналық көмек тегін көрсетіледі.

31. Мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскерлері жылына 1 рет міндетті медициналық тексерулерден өтеді. Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің медициналық тексерулер мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі.

32. Мемлекеттік кәсіпорынсанитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес балалардың кепілді толық құнды тамақтануын баланың жасына және Мемлекеттік кәсіпорында болу уақытына сәйкес қамтамасыз етеді.

33. Мемлекеттік мекемеде балалардың 4 мерзімдік тамақтануы белгіленеді.

34. Мемлекеттік кәсіпорындағы балалардың тамақтануы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тамақ өнiмдерiн тұтыну нормаларын ескере отырып және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес үлгілі ас мәзіріне сәйкес жүзеге асырылады.

35. Тәрбиелеу мен оқыту тілі: қазақша және орысша.

 

6. Тәрбиеленушілердің білімдерін ағымдағы бақылаудың жүйесі,

оларды өткізудің тәртібі мен нысандары

 

         36. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін бастапқы, аралық және қортынды диагностика мектепкі дейінгі тәрбиелеу және оқудың мемлекеттік стандартының нормативтік талаптарына талаптарына сәйкес жүргізіледі.

         37. Білім, ептілік және машықтар сапасын бақылауды жүзеге асыру талаптары:

1) бастапқы – оқу жылы басында;

2) аралық – оқу жылында 1 рет (ортасында);

3) қорытынды - оқу жылының соңында.

 

7. Қосымша ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі

 

38.Қосымша ақылы қызметтер бюджет есебінен қаржыландырылатын қызмет түрлерінің орнына көрсетілмейді.

39. Мемлекеттік кәсіпорын білім беру, денсаулығын нығайту және басқада қосымша ақылы қызметтер көрсете алады.

40. Ақылы қосымша қызмет көрсету қажеттілігі ата-аналардың (немесе өзге заңды өкілдердің) сұранысымен, бекітілген рет бойынша оларды сауалнамалау арқылы анықталады.

41. Мемлекеттік кәсіпорында смета әзірленеді және бекітіледі.

42. Мемлекеттік кәсіпорында ақылы қызмет көрсету туралы Ереже және оларды жүзеге асыратын тұлғалар үшін лауазымдық нұсқаулықтар әзірленеді. Ақылы қызмет көрсету үшін келесі қажет:

1) ақылы қызмет көрсету туралы ата-аналармен (немесе өзге заңды өкілдермен) шарт жасау;

2) Мемлекеттік кәсіпорынның директоры ақылы қосымша қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.

43. Мемлекеттік кәсіпорын ақылы қосымша қызмет көрсету үшін аталған қызмет түрлеріне лицензиясы бар мамандарды тартуға құқылы.

 

8. Мемлекеттік кәсіпорынның тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен (немесе өзге заңды тұлғалармен) қатынастарын ресімдеу тәртібі

 

         44. Мемлекеттік кәсіпорынның тәрбиеленушілері құқылы:

1) өмірі мен денсаулықтарын қорғауға;

2) физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау;

3) намысын қорғауға;

4) жеке эмоциялық жүздесу қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

5) жасына және жеке ерекшеліктерінің дамуына сай тамақтану, ұйықтау және демалу физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; 

6) шығармашылық және қызығушылық қабілеттерінің дамуына;

7) Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім алуға;

8) қосымша ақылы оқыту қызметін алуға;

9) ойыншықтар мен оқу құралдарын тегін қолдануға;

10) бірінші дәрігерге дейінгі көмекті және  медициналық қызметті тегін алуға;

45. Ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) құқылы:

1) балалардың заңды құқықтар мен мүдделерін қорғауға;

2) тәрбие үрдісін ұйымдастыруға қатысуға;

3) Мемлекеттіккәсіпорынның өзін-өзі басқаруына қатысуға;

4) баланың әрекеттері туралы ақпарат алуға;

5) Мемлекеттіккәсіпорынның материалдық жағдайын жақсарту үшін демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге;

6) Мемлекеттіккәсіпорын жетекшісінің есебін тыңдауға.

46. Тәрбиеленушілердің ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) міндеттері:

1) Мемлекеттіккәсіпорындағы  ішкі тәртіп ережелерін орындау;

2) Мемлекеттіккәсіпорын мен ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) арасында жасалған шартты орындауға;

3) баланың Мемлекеттіккәсіпорында болуына (тамақтануына) әр айдың 10 күнінен кешіктірмей төлем ақысын төлеуге.

47. Мемлекеттіккәсіпорын құқылы:

1) өзінің жарғылық қызметі үшін келесі қосымша қаржыландыру көздерін пайдалануға:

- коммерциялық емес әрекеттерден түскен кірісті; 

         - ақылы қызмет көрсетуден түскен кірісті.

         2) құрылтайшының келісімі бойынша тағам өнімдерінің және бірінші қажетті тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты баланы ұстауға арналған бағаны реттеуге;

3) заңнамамен қарастырылған салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен қалған табысты өз бетімен пайдалануға.

 

9. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару

 

         48. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы:

1) Мемлекеттік кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) Мемлекеттік кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

4) Мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

5) Мемлекеттік кәсіпорынның қызметін бақылауды жүзеге асырады;

6) коммуналдық мүлікті Мемлекеттік кәсіпорынға бекітеді;

7) Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

8) Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

9) Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

10) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

49. Мемлекеттік кәсіпорындытiкелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.

50. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

51. Тиісті саланың уәкілетті органы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

52. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

53. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

54. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Мемлекеттік кәсіпорын ќызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

55. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы:

1) Мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда және ұйымдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Мемлекеттік кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

         8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу нысанын, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін бекітеді және штаттық кестені әзірлейді;

9) бухгалтер мен әдіскерді қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

      10) әдіскер мен Мемлекеттік кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

         11) баланы Мемлекеттік кәсіпорынғақабылдаған кезде ата-анасын (немесе өзге заңды өкілдерін) Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысымен және өзге де қабылдау және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәртiбiн регламенттейтiн құжаттармен таныстырады;

         12) Мемлекеттік кәсіпорынғабекiтілген мүлiктiң сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi.

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

56. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы заңнамада белгiленген тәртiппен мыналар:

1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушiлерiнің, қызметшiлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзiнiң құзыретіне жататын функцияларды орындамағаны;

3) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға міндетті стандартының талаптарын орындамағаны;

4) мектепке дейiнгi ұйым тәрбиеленушiлерi мен қызметшiлерiнiң оқу-тәрбие үрдісі барысында өмiрi мен денсаулығы;

5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйi, оның ішiнде материалдық және ақшалай қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшiн жауап бередi.

         57. Басшы уақытша болмаған жағадайда, оның фуцкциялары әдіскерге жүктеледі.

58. Мемлекеттік кәсіпорында алқалы басқару органдары құрылады.

59. Алқалық басқарудың нысандары:

1) мектепке дейінгі ұйымның кеңесi;

2) педагогикалық кеңес;

3) қамқоршылық кеңес.

 

10. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі

 

60. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Мемлекеттік кәсіпорынның активтері құрайды.

61. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

62. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

63. Мемлекеттік кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

64. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де  заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

65. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Мемлекеттік кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

66. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Мемлекеттік кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Мемлекеттік кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

67. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

68. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Мемлекеттік кәсіпорнынан жедел басқару құқығында бекітілген мүлікті алып қоюға не оны құрылған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

69. Осы Жарғымен көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана, беруге және есептен шығаруға құқылы.

70. Мемлекеттік кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

71. Құрылтайшымен бекітілген меншік объектісі тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің білім беру бағдарламаларын меңгеруге жағдай жасау үшін қолданылады.

72. Жер төлемі, ойын алаңы, спорттық құрылыстар балаларды тәрбиелеуде, экологиялық мәдениет әлеуметтік дамуға, дене жетілдіруге қолданады.

73. Мемлекеттік кәсіпорынды материалды-техникалық жабдықтау және қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

11. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

74. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

75. Мемлекеттік кәсіпорынды қаржыландырудың көздері

1) құрылтайшыдан алынатын қаражаттар;

2) бюджеттік емес қаражаттар;

3) демеушілік көмек немесе қайырымдылық өтеусіз аударымдар және грандтар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қосымша қызметтерден түскен табыс;

76. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

12. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

77. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады. 

 

13. Мемлекеттік кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

78. Мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

79. Мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, кірістер мен шығыстар сметасын, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

14. Мемлекеттік кәсіпорынның жауапкершілігі

 

         80. Мемлекеттік кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

15.  Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

81. Мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

82. Мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

16. Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

83. Мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшері Қазақстан Республикаысның нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді.

84. Мемлекеттік кәсiпорын басшысының және қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес анықталады.

 

17. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

     

85. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.Мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

86. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

87. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

88. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Мемлекеттік кәсіпорынның ақшасы, Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

18. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

89. Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

08.07.2021ж

2021 жылдың 8 шiлде айына арналған ас

2021-07-07 12:41:09

Скачать

28.05.2021ж

2021 жылдың 28 мамыр айына арналған ас

2021-05-27 20:04:58

Скачать

Жарғы

Жарғы 2021

2021-02-18 15:02:03

Скачать Смотреть

Білім беру үрдісін бастау туралы лицензия

.

2020-12-11 15:17:43

Скачать

ММ "Балдырған" КМҚК Жарғысы

Қосымша Балқаш қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18/06 қаулысымен БЕКІТІЛДІ «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ЖАРҒЫСЫ 1. Жалпы ережелер 1. «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 2. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы Балқаш қаласының әкімдігі болып табылады. 3. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы). 5. Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. 6. Мемлекеттік кәсіпорнның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Молдагулова көшесі, 7 үй 2. Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі 7. Типі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы. 8. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады. 9. Мемлекеттік кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Мемлекеттік кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады. 10. Мемлекеттік кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі. 3. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары 11. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы білім беру болып табылады. 12. Мемлекеттік кәсіпорынның мақсаты жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде жеке бас мәдениетін, өзекті құзыреттілікке ие баланың жеке тұлғасын дамыту болып табылады. 13. Мемлекеттік кәсіпорынның міндеттері: 1) мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу; 2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту; 3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту; 4) балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау; 5) бес (алты) жастағы балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ету; 6) тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен өзара iс-қимыл жасау; 7) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультативтiк көмектi ұйымдастыру. 14. Мемлекеттік кәсіпорын тиімді тәрбие үрдісін қамтамасыз ету үшін (баланың шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру) педагогтарға келесі құқықтар береді: 1) білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен тәрбилеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізу, авторлық бағдарламаларды тандау, қолдану; 2) мемлекеттік білім беру стандарты талабын ескере отырып өз бетінше бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру; 3) Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін балаларды оқыту және тәрбиелеу нысанын, құралдарын және әдістерін, сондай-ақ оқулықтар мен әдістемелік көрнекі құралдарды таңдау. 15. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының Мемлекеттік кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапгершілік шараларын қолдануға алып келеді. 4. Мемлекеттік кәсіпорынға қабылдау тәртібі 16. Мемлекеттік кәсіпорынға 2 жастан 5 (6) жасқа дейінгі балалар қабылданады. 17. Баланы уақытша немесе тұрақты қабылдау бос орынның болуына байланысты бір жыл ішінде жүзеге асырылады. 18. Баланы Мемлекеттік кәсіпорынға қабылдау кезінде Мемлекеттік кәсіпорын мен ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдері) арасында шарт жасалады, әр күнтізбелік жыл басында бұл шарт қайтадан жасалады немесе мерзімі ұзартылады. 19. Мемлекеттік кәсіпорынға балаларды қабылдау кезінде немесе келесі жас тобына ауыстыру кезінде балаларды тестілеу жүргізілмейді. 20. Мемлекеттік кәсіпорында баланың орны келесі жағдайларда сақталады: 1) бала ауырып қалғанда; 2) бала медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда; 3) ата-анасының бiреуiне еңбек демалысы берілгенде; 4) бала жаз маусымында екі айға дейінгi мерзiмде сауықтырылғанда. 21. Мемлекеттік кәсіпорыннан балаларды шығару тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады: 1) ата-аналардың (немесе өзге заңды өкілдердің) өтініші; 2) Мемлекеттік кәсіпорында баланың болуына кедергі келтіретін баланың денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытындысы; 3) Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігін хабардар етпей бір айдан артық себепсіз босатса; 4) Мемлекеттік кәсіпорындағы баланы қамтамасыз ету үшін ай сайын уақытылы төлем жүргізілмесе (10 күннен астам); 5) ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) шарт талаптарын орындамаған жағдайда. 22. Баланың шығуы туралы ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) 7 күн бұрын жазбаша түрде хабарландырылады. 23. Тәрбиеленушілерді қабылдау жүзеге асырылады: 1) тиісті саланың уәкілетті органының жолдауы негізінде; 2) баланың денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытындысы негізінде; 3) баланың даму тарихы негізінде; 4) эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң анықтамасы негiзiнде; 5) балаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады. 5. Білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі 24. Мемлекеттік кәсіпорында тәрбиелеу мен оқыту үрдісі келесі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне; 2) Мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті актілеріне (Мемлекеттік кәсіпорын директорының бұйрықтарына, ішкі тәртіп ережелеріне, штаттық кестеге, Мемлекеттік кәсіпорын және әр баланың ата-анасы немесе өзге заңды өкілдер арасындағы жасалған шартқа). 25. Тәрбиелеу-оқыту үрдісіне жеке бағыт көрсету ерекшеліктері: 1) тәрбиелеу-оқыту жүйесінде ең бастысы бала, оның интеллектуалды және рухани дамуы; 26. Тәрбиелеу-оқыту үрдісін ұйымдастыру кезінде әрбір балаға кепілдеме беріледі: 1) балаларға білім беру барысында психологиялық және физикалық денсаулығын қорғауға және нығайтуға кепіл беретін жағдайлар жасауға; 2) оның намысын қорғауға; 3) физикалық, моралдық және психологиялық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғауға; 4) оның шығармашылық және қызығушылық қабілеттерінің дамуына; 5) ата – аналардың (немесе өзге заңды өкілдердің) тілегімен және баланың бейіміне, қабілетіне сәйкес қосымша ақылы оқыту қызметін және дәрігерлік көмек алуға. 27. Тәрбиелеу-білім беру үрдісі тәртібінің ұйымдастырушылық ерекшеліктері: 1) Мемлекеттік кәсіпорында жалпы дамытушылық 4 топ қызмет етеді; 2) бес күндік жұмыс тәртібі; 3) Мемлекеттік кәсіпорындағы топтардың жұмыс тәртібі 10,5 сағатты құрайды; 4) ұйымдастырылған оқу қызметінің саны және ұзақтығы оқытудың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу жоспарымен анықталады. 28. Мемлекеттік кәсіпорынға медицицналық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау органы жүзеге асырады: 29. Мемлекеттік кәсіпорында штаттық кестеге сәйкес медициналық қызметкерлері бекітілген. 30. Мемлекеттік кәсіпорын медициналық қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелері шегінде медициналық қызмет және бірінші медициналық көмек тегін көрсетіледі. 31. Мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскерлері жылына 1 рет міндетті медициналық тексерулерден өтеді. Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің медициналық тексерулер мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. 32. Мемлекеттік кәсіпорын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес балалардың кепілді толық құнды тамақтануын баланың жасына және Мемлекеттік кәсіпорында болу уақытына сәйкес қамтамасыз етеді. 33. Мемлекеттік мекемеде балалардың 4 мерзімдік тамақтануы белгіленеді. 34. Мемлекеттік кәсіпорындағы балалардың тамақтануы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тамақ өнiмдерiн тұтыну нормаларын ескере отырып және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес үлгілі ас мәзіріне сәйкес жүзеге асырылады. 35. Тәрбиелеу мен оқыту тілі: қазақша және орысша. 6. Тәрбиеленушілердің білімдерін ағымдағы бақылаудың жүйесі, оларды өткізудің тәртібі мен нысандары 36. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін бастапқы, аралық және қортынды диагностика мектепкі дейінгі тәрбиелеу және оқудың мемлекеттік стандартының нормативтік талаптарына талаптарына сәйкес жүргізіледі. 37. Білім, ептілік және машықтар сапасын бақылауды жүзеге асыру талаптары: 1) бастапқы – оқу жылы басында; 2) аралық – оқу жылында 1 рет (ортасында); 3) қорытынды - оқу жылының соңында. 7. Қосымша ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі 38.Қосымша ақылы қызметтер бюджет есебінен қаржыландырылатын қызмет түрлерінің орнына көрсетілмейді. 39. Мемлекеттік кәсіпорын білім беру, денсаулығын нығайту және басқада қосымша ақылы қызметтер көрсете алады. 40. Ақылы қосымша қызмет көрсету қажеттілігі ата-аналардың (немесе өзге заңды өкілдердің) сұранысымен, бекітілген рет бойынша оларды сауалнамалау арқылы анықталады. 41. Мемлекеттік кәсіпорында смета әзірленеді және бекітіледі. 42. Мемлекеттік кәсіпорында ақылы қызмет көрсету туралы Ереже және оларды жүзеге асыратын тұлғалар үшін лауазымдық нұсқаулықтар әзірленеді. Ақылы қызмет көрсету үшін келесі қажет: 1) ақылы қызмет көрсету туралы ата-аналармен (немесе өзге заңды өкілдермен) шарт жасау; 2) Мемлекеттік кәсіпорынның директоры ақылы қосымша қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. 43. Мемлекеттік кәсіпорын ақылы қосымша қызмет көрсету үшін аталған қызмет түрлеріне лицензиясы бар мамандарды тартуға құқылы. 8. Мемлекеттік кәсіпорынның тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен (немесе өзге заңды тұлғалармен) қатынастарын ресімдеу тәртібі 44. Мемлекеттік кәсіпорынның тәрбиеленушілері құқылы: 1) өмірі мен денсаулықтарын қорғауға; 2) физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау; 3) намысын қорғауға; 4) жеке эмоциялық жүздесу қажеттіліктерін қанағаттандыруға; 5) жасына және жеке ерекшеліктерінің дамуына сай тамақтану, ұйықтау және демалу физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; 6) шығармашылық және қызығушылық қабілеттерінің дамуына; 7) Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім алуға; 8) қосымша ақылы оқыту қызметін алуға; 9) ойыншықтар мен оқу құралдарын тегін қолдануға; 10) бірінші дәрігерге дейінгі көмекті және медициналық қызметті тегін алуға; 45. Ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) құқылы: 1) балалардың заңды құқықтар мен мүдделерін қорғауға; 2) тәрбие үрдісін ұйымдастыруға қатысуға; 3) Мемлекеттік кәсіпорынның өзін-өзі басқаруына қатысуға; 4) баланың әрекеттері туралы ақпарат алуға; 5) Мемлекеттік кәсіпорынның материалдық жағдайын жақсарту үшін демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге; 6) Мемлекеттік кәсіпорын жетекшісінің есебін тыңдауға. 46. Тәрбиеленушілердің ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) міндеттері: 1) Мемлекеттік кәсіпорындағы ішкі тәртіп ережелерін орындау; 2) Мемлекеттік кәсіпорын мен ата-аналар (немесе өзге заңды өкілдер) арасында жасалған шартты орындауға; 3) баланың Мемлекеттік кәсіпорында болуына (тамақтануына) әр айдың 10 күнінен кешіктірмей төлем ақысын төлеуге. 47. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы: 1) өзінің жарғылық қызметі үшін келесі қосымша қаржыландыру көздерін пайдалануға: - коммерциялық емес әрекеттерден түскен кірісті; - ақылы қызмет көрсетуден түскен кірісті. 2) құрылтайшының келісімі бойынша тағам өнімдерінің және бірінші қажетті тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты баланы ұстауға арналған бағаны реттеуге; 3) заңнамамен қарастырылған салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен қалған табысты өз бетімен пайдалануға. 9. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару 48. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы: 1) Мемлекеттік кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды; 2) Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді; 3) Мемлекеттік кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды; 4) Мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді; 5) Мемлекеттік кәсіпорынның қызметін бақылауды жүзеге асырады; 6) коммуналдық мүлікті Мемлекеттік кәсіпорынға бекітеді; 7) Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды; 8) Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді; 9) Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді; 10) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 49. Мемлекеттік кәсіпорынды тiкелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады. 50. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 51. Тиісті саланың уәкілетті органы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. 52. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады. 53. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады. 54. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Мемлекеттік кәсіпорын ќызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді. 55. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы: 1) Мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда және ұйымдарда білдіреді; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді; 3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды; 4) сенімхаттар береді; 5) банктік шоттар ашады; 6) Мемлекеттік кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады; 8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу нысанын, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін бекітеді және штаттық кестені әзірлейді; 9) бухгалтер мен әдіскерді қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады; 10) әдіскер мен Мемлекеттік кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді; 11) баланы Мемлекеттік кәсіпорынға қабылдаған кезде ата-анасын (немесе өзге заңды өкілдерін) Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысымен және өзге де қабылдау және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәртiбiн регламенттейтiн құжаттармен таныстырады; 12) Мемлекеттік кәсіпорынға бекiтілген мүлiктiң сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi. 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 56. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы заңнамада белгiленген тәртiппен мыналар: 1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушiлерiнің, қызметшiлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзiнiң құзыретіне жататын функцияларды орындамағаны; 3) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға міндетті стандартының талаптарын орындамағаны; 4) мектепке дейiнгi ұйым тәрбиеленушiлерi мен қызметшiлерiнiң оқу-тәрбие үрдісі барысында өмiрi мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйi, оның ішiнде материалдық және ақшалай қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшiн жауап бередi. 57. Басшы уақытша болмаған жағадайда, оның фуцкциялары әдіскерге жүктеледі. 58. Мемлекеттік кәсіпорында алқалы басқару органдары құрылады. 59. Алқалық басқарудың нысандары: 1) мектепке дейінгі ұйымның кеңесi; 2) педагогикалық кеңес; 3) қамқоршылық кеңес. 10. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі 60. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Мемлекеттік кәсіпорынның активтері құрайды. 61. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. 62. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі: 1) оған меншік иесі берген мүліктің; 2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда); 3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады. 63. Мемлекеттік кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін. 64. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады. 65. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Мемлекеттік кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі. 66. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Мемлекеттік кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Мемлекеттік кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды. 67. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ. 68. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Мемлекеттік кәсіпорнынан жедел басқару құқығында бекітілген мүлікті алып қоюға не оны құрылған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы. 69. Осы Жарғымен көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана, беруге және есептен шығаруға құқылы. 70. Мемлекеттік кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді. 71. Құрылтайшымен бекітілген меншік объектісі тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің білім беру бағдарламаларын меңгеруге жағдай жасау үшін қолданылады. 72. Жер төлемі, ойын алаңы, спорттық құрылыстар балаларды тәрбиелеуде, экологиялық мәдениет әлеуметтік дамуға, дене жетілдіруге қолданады. 73. Мемлекеттік кәсіпорынды материалды-техникалық жабдықтау және қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметін қаржыландыру 74. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. 75. Мемлекеттік кәсіпорынды қаржыландырудың көздері 1) құрылтайшыдан алынатын қаражаттар; 2) бюджеттік емес қаражаттар; 3) демеушілік көмек немесе қайырымдылық өтеусіз аударымдар және грандтар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қосымша қызметтерден түскен табыс; 76. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады. 12. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы 77. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады. 13. Мемлекеттік кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі 78. Мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 79. Мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, кірістер мен шығыстар сметасын, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары, түсіндірме жазбаны қамтиды. 14. Мемлекеттік кәсіпорынның жауапкершілігі 80. Мемлекеттік кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады. 15. Еңбек ұжымымен өзара қатынас 81. Мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. 82. Мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 16. Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу 83. Мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшері Қазақстан Республикаысның нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді. 84. Мемлекеттік кәсiпорын басшысының және қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес анықталады. 17. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату 85. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін. 86. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады. 87. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі. 88. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Мемлекеттік кәсіпорынның ақшасы, Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі. 18. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 89. Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

2020-12-10 08:08:12

Скачать