Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

Дәреже: Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

«Мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ой»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де 03.10-17.10.2022 күндер аралығында «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбында мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 4 «А» сыныбында ашық сабаққ өтті. 4 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ой» тақырыбында ашық сабақты пән мұғалімі Қ.Е.Спабекова өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау Сабақ ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру мақсатында «Іске сәт» әдісімен басталды. «Артық әріптер» ширату жаттығуы арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Сабақ барысында тапсырмаларды топта, жекелей және жұптаса отырып орындалды. Суреттерге қарап мәтін құрастырды. Сергіту сәтінде зейінді дамытуға арналған жаттығу жасады. Сонымен қоса оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар орындады. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар сабақ барысында белсенділік таныта өз білім дәрежелерін көрсете алды. Сабақ жоғары деңгейде бағаланды.

2022-10-14 08:18:01

Скачать

«Жаңаша оқыту – заман талабы»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де 03.10-17.10.2022 күндер аралығында «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбында мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 05.10.2022 күні 3 «А» сыныбында математика пәнінен «Шамалар арасындағы тәуелділік» тақырыбында ашық сабақты пән мұғалімі А.Н. Жунусова өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 3.5.1.4 Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару. Сабақ ойын түрінде ұйымдастырылған. Сабақ «Сен білесің бе?» ойыны арқылы өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың мақсатын аша білді. Берілген тапсырмаларды топта, жекелей және жұптаса отырып орындады. «Дүкен» ойыны арқылы ақша түрлерін ажырата отырып, сауда жасады. Суреттерге қарап есептер құрастырып шығарды. Сергіту сәтінде нейрожаттығуды пайдаланды. Сонымен қоса математикалық сауаттылыққа арналған тапсырмалар орынды орындалды. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар ойын ойнауда, қызығушылықтарын танытты. Сабақ жоғары деңгейде бағаланды. #kopd_mon_rk #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi #goroo_balkash #ҚОББтәрбие @kopd_mon_rk @balqash_qalasy_akimdigi @rumcdo_official @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg #ҚОББтәрбие @ҚОББтәрбие @g.kozhakhmetoova

2022-10-14 08:14:51

Скачать

" ұтымды тәсілмен өрнек мәндерін табу "

"№24 мектеп-интернат "КММ 06.10 бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында 2 б сыныпта" ұтымды тәсілмен өрнек мәндерін табу " тақырыбы бойынша математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін "жұпты табу" стартері проблемалық жағдайды қолданды, онда балалар сабақтың тақырыбы болып табылатын жұп өрнектерді табады. Әрі қарай, білім алушыларға сабақтың мақсаттарын қою үшін ашық сұрақтар қойылады. Сабақтың басында білім олқылықтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып сараланады, әдістер әр оқушының мақсатына жетуге ықпал етеді, саралаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады

2022-10-14 08:11:55

Скачать

Lesson Study әдісі қолдану

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернатында 20.09.22 жылы Lesson Study әдісі қолдану бойынша зерттеуші топтың отырысы өтті. Отырыстың басты мақсат әріптестермен бірігіп, •Сабақ жоспарын құру •Зерттеу сабағын талқылау •Сабақтың жоспарын талқылау •Зерттеу сабақтарын өткізу бойынша ақпараттар пысықталды. Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші 3 мұғалім және 1 бақылаушы мұғалімнен құралған топ бірігіп, сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу жоспарланды.

2022-09-22 07:32:52

Скачать

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 8-9 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы өткізілді.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 8-9 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. Оқушылардың ғылыми жобалары 16 бағыт бойынша қабылданды. Ұсынылған жобалар әр алуан және қызықты. Ғылыми жобалар байқауының қортындысы бойынша 3 жоба таңдалды. Жеңімпаздар енді қалалық байқауда бақтарын сынайтын болады.

2022-04-27 14:26:33

Скачать

«Бастауыш мектептерде функционалдық сауаттылықты дамыту үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану»

Балқаш қаласы білім бөлімінң «№24 мектеп-интернаты»КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Жунусова Айнур Нурымхановна қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА- МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІНДЕ (РФММ) өткен 3 күндік семинарға қатысып Зерек» жобасы аясында «Бастауыш мектептерде функционалдық сауаттылықты дамыту үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында математикалық сауаттылық туралы және математика сабағында тиімді әдіс-тәсілдері қолдану іс-тәжірибесімен бөлісті.

2022-03-02 09:19:43

Скачать

«Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті»

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ Тарихы пәнінің мұғалімі , педагог -модератор Дуйсенбекова Рауан Сандыбайқызы 6 сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбында LS зерттеу сабағын жүргізді.» Мақсаты: Зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. Осы мақсатта оқушылардың айтылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», «Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?»– деген сұрақтар айналасында сынып оқушыларымен жұмыстар жүргізілді. Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. LS мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. LS оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

2022-02-26 09:17:38

Скачать

Historical figures

Ақпарат Тақырыбы: Historical figures Оқу мақсаты: 6.1.3.1- respect differing points of view; 6.1.8.1- develop intercultural awareness through reading and discussion 6.3.7.1- use appropriate subject-specific vocabulary and syntax to talk about a limited range of general topics, and some curricular topics; Сабақ «Hello» әнімен басталды. Алдынғы сабақта өткен оқу тапсырмалары «Wordwall» бағдарламасымен оқушыларға сілтеме жіберу арқылы текерілді. Жаңа сабақтын тақырыбын суреттер арқылы анықтап, жаңа сөздер мен олардың мағыналарымен танысты. Тарихи тұлғалар туралы қысқаша ақпарат берілді. Сабақ барысында «сәйкестендіру», «сұрақ-жауап» әдістері, тест тапсырмалары орындалып, бейне материалдар көрсетілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ жақсы денгейде өтті.

2022-01-14 11:41:07

Скачать

Республикалық жалпы білім беретін негізгі пәндер олиппиадасы

Республикалық жалпы білім беретін негізгі пәндер олиппиадасының 5-6 сыныптар бойынша қалалық кезеңінде математика пәні бойынша сынып оқушысы Ербол Інжу І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Сатмаганбетова А.С.5 сынып оқушысы Медведюк Екатерина ІІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі Бертаева Н.К. 6-сынып Ноғайбекова Балнур ІІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі Маулетова И.О марапатталды.

2022-01-14 10:39:44

Скачать

ОҚЫТУ ҚЫЗЫҚТЫРУ»

Жалпы білім беру мекемелері араснда өткізілген «ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ » республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен Шолаков Л.Б.«ОҚЫТУ ҚЫЗЫҚТЫРУ» номинациясымен Жунусова А.Н Оспанова Ж.Н. Маулетова И.О. сертификат,мадақтама берілді.

2022-01-14 10:38:01

Скачать

«Үздік авторлық бағдарлама»

.«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен Жунусова А.Н Абрамова Т.А ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

2022-01-14 10:36:03

Скачать

«Әлем таныған Қазақстан»

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлем таныған Қазақстан» атты жас зерттеушілердің републикалық ҮІІІ Құрылтайына қатысқаны үшін 9 А сынып оқушысы Тоқыметова Аяулым , Андриенко Владимир сертификатпен марапатталды. 3.ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлем таныған Қазақстан» атты жас зерттеушілердің републикалық ҮІІІ Құрылтайына жеңімпаздар дайындап,жас ұрпақтың шығармашылығын дамытуға және жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Шолакова Л.Б. алғыс хатпен марапатталды.

2022-01-14 10:34:28

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 7 соңғысы