"Жас оқырман" жобасы бойынша «Кітап алтын қазына» атты семинар практикум
23 ақпан күні «Жұлдыз» балабақшасында ата-аналардың қатысуымен «Кітап алтын қазына» атты семинар практикум өтті. Семинарды балабақша директоры К.Б.Жакишева «Жас оқырман» жобасының мақсаты мен міндеттерін айта отырып ата-аналарға балабақшадан бастап баланы кітапқұмарлыққа баулуға ат салысуға шақырды. Осы жоба бойынша жүргізіліп жатқан іс- шаралар жайында слайд арқылы әдіскер Д.К.Елубаева ата-аналарды хабардар етті.А.Гайдар атындағы балалар кітапханасының директоры Б.Д.Курманова ата-аналарға отбасында кітап оқудың балаға берер әсері,маңызы туралы айта келе кітапханада өз оқырмандарына арнап «Библионяня» бөлмесі жұмыс істейтінін, бөлме балаларға арналған ойыншық, ертегі кітаптармен жабдықталғанын,бөлмеге балаларын 1сағатқа қалдырып кетулеріне болатынын айтып қонаққа шақырды.Келесі кезекте балабақша психологы П.А.Қабылдина «Бала мүсіні», «Гүлдің оянуы» сияқты жағдаят, тыныштық сәттерін өткізді. Бала – өмірдің гүлі демекші ата-аналар ақ қағаздың бетіне өз балаларына арнап әдемі гүл бейнесін салып қана қоймай, оның сабақтарына баласына деген ыстық лебіздерін, жүрегінен шыққан тілектерін арнап жазды.Ата-аналарға арналған кітапхана бұрышында жинақталған жас оқырманның күнделіктерін, портфолиосын тамашалап, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Семинар соңында ата-аналар семинардан алған әсерлерін жазып, тілек ағашына ілді.