Астанам бас қалам!

Астанам бас қалам!

Бүгін шілде нің 5- ші жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында ерекше күн болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күнімен Елордамыз Астана қаласының туған күніне арналған ойын сауық өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Астана қаласы жайында тақпақтар, әндер айтып, бейне фильм тамашалады. Жеке алаңдарға бөлініп бір алаңда кейіпкерлер «Мальвина», «Ромашка» балаларды топтар арасында самокатпен жарысқа алса, бір алаңда «Клоун», «Жаз» кейіпкерлері «Кім тез», «Абай бол!» ойындарын ойнатты. Ойында шапшаңдық танытқан топтарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар балалар саусақпен сурет салып, гүлденген қала кейпін келтірді. Бір топ бала арнайы А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы қызметкерлерінің шақыруы бойынша мультфильм тамашалады. Сауық соңы флешмобпен аяқталды.

Дата: 5.07.2016, 9:08 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»