«Біз мектепке барамыз» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

«Біз мектепке барамыз» атты балабақшамен  қоштасу ертеңгілігі

Маусымның 30 жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында ересек «Қызғалдақ» және «Колокольчик» топтарында «Біз мектепке барамыз» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Бір-бір үйдің еркелерін, серкелерін тәрбилеп, еркеліктерін көтерген тәрбиешілер кішкентай ғана қанаттары қатпаған сары ауыз балапандарын қимай оларға деген ізгі тілектерін білдірді. Балаларға қонаққа Дымбілмес келіп ойын ойнап, әр түрлі тапсырмалар орындады.Балалар жыл бойғы үйренген әндерін, билерін тақпақтарын айтып ата аналарды қуанышқа бөледі. Ата-аналар да өздерінің кішкентай балапандарының бүгінде азамат болып мектеп табалдырығын аттайтындарына қуаныштарын айтып, балабақша қызметкерлеріне ризашылығын жүрек жарды алғыстарын білдірді.

Дата: 31.05.2016, 10:13 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»