Размер шрифта:

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған таңертеңгіліктер

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған таңертеңгіліктер

Наурыз айының 2 және 4 аралығында «Жұлдыз» балабақшасында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған таңертеңгіліктер өтті. Бұл мерекеде балалар өз аналары мен әжелерін мерекемен құттықтады. Балалар шын жүректен аналарға, әжелерге және қыздарға арнап өздерінің әсем тақпақтарын айтты. Әсем әуен мен тамаша билер балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Осы мерекеде шляпалар сайысы өтті. Балалар арнайы мерекеге арнап бас киімді ата - аналарының көмегімен жасады. Бұл мереке балабақшамызға көктемнің ерекше көңіл күйін сыйлады.

Дата: 25.04.2016, 2:45 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»