Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық яғни жүйе жоқ.Тіпті өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын.
Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен "Ұлттық қор- балаларға" жобасының қаражатты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады.Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың "Толық адам" ілімінен бастау алатын "Адал азамат" тұжырымдамасының түпкі мәні-осы.