«Үй жануарлары»

«Үй жануарлары»

17 ақпанда «Еркетай» ересек тобында «Үй жануарлары» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінде «Үй жануарлар дауы» қойылымынан басталды, онда жануарлар олардың қайсысы ең пайдалы және қажет екенін дәлелдеді. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі барысында балалар жұмбақтар шешіп, үй жануарлары туралы тақпақтар айтты. Балаларға «Кім қалай айқайлайды?», «Кім не жейді?», «Анасына баласын табуға көмектесейік» ойындарын ойнау өте қызықты болды. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі кезінде балалар өздерінің зейінін, ойлауын, есте сақтау қабілетін және визуалды қабылдауын дамытты.

Дата: 22.02.2021, 13:54 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»