“Балалар спорт әлемінде”

“Балалар спорт әлемінде”

15 ақпаннан бастап “Балалар спорт әлемінде” дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылығы апталығы ашылды. Апталыққа қазақтың батыры Ер-Төстік қонаққа келді. Балалар Ер-Төстікпен ұлттық ойындар ойнап, қара жорға биін биледі. Ата-аналарға “жалпақ табандылық және қалыптың бұзылуы” тақырыбында кеңестер таратылып, үй жағдайында түзету гимнастикасын өткізді. “Түймедақ” және “Қызғалдақ” топтарында “Біз бірге мықтымыз” атты отбасылық спорт турнирі өтті. Тәрбиешілерге арналған “Фитнес-МДҰ-дағы денсаулық сақтау нысаны” тақырыбында шеберлік сынып өткізілді.”Түймедақ” тобындағы балалармен “Көңілді дене тәрбиесі”атты жобамен жұмыс жасадық.Апталықтың бастамасы өте көңілді басталды, балалар белсене қатысты.

Дата: 16.02.2021, 14:32 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»