«Сүйіспеншілік - өмір негізі»

«Сүйіспеншілік - өмір негізі»

Балабақшамызда «Сүйіспеншілік - өмір негізі» жалпы адами құндылықтарды жаңғырту,балаларды қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге үйрету керектігін ескере отырып , апталық өтті.Баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік ,мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру барысында балабақша психолгы Кабылдина П.А . «Еркетай» орта тобымен «Сүйіспеншілік жүректен» тақырыбында тренинг өткізді. «Түймедақ» ересек орта тобының тәрбиешісі Жакышева Н.Т. балалармен « Жүректен шыққан жылы сөз» бір-бірлеріне жылы сөздер тілектер айтқызды. «Толағай » орта тобының тәрбиешісі Үмбет М.С балалармен күнді құрастырды. Ата-аналар балабақшаға деген ризашылықтарын білдірді Педагогтар шаттық шеңбер аясында «Алақан жылуын» таратты.

Дата: 27.02.2020, 13:33 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»