« Мектепке дейінгі тәрбие-ұлт саясатының басымдығы »

« Мектепке дейінгі тәрбие-ұлт саясатының басымдығы »

2019 жылдың 04 желтоқсан күні Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен « Мектепке дейінгі тәрбие-ұлт саясатының басымдығы » облыстық форумы өтті. Форумда КМҚК МЖДМ «Жұлдыз» балабақшасы «Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының ұлттық мәдениетін, жалпы азаматтық құндылықтарды,халық педагогикасын тиімді қолдана отырып тәрбиелеу » тақырыбында балалар мен және ата-аналармен жасаған жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар Елбасымыздың « Рухани жаңғыру » жолдауы аясында,қазақтың ұлттық ойыны асық ойынын балаларға ойната отырып, халық ауыз әдебиетінің түрлері қуыр-қуыр қуырмаш ойындары және де батырлар жыры,өтірік өлеңдер айтылды. Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығына арналған кішігірім көрме көрсетіліп,Абайдың қара сөздері оқылды. Форумда инновациялық жүргізіліп жатқан жұмыстарымыздың ерекшеліктерін,әдістерін,құралдарын келген қонақтарға көрсетіп өз іс-тәжірибемізбен бөлістік. Форум өте жақсы әсерлі өтті.Келген қонақтар ризашылығын білдіріп,жақсы көңіл күймен тарасты.

Дата: 21.02.2020, 15:48 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»