Воскобович технологиясы
Қазіргі таңдағы балалардың ұялы телефондар мен компьютерге аса көп көңіл бөлетіндіктерінен мектепке дейінгі ұйымдардың өзекті мәселелерінің бірі:
Баланың ойлау қабілетінің төмендігі, сөздік қорының аздығы, зейіннің болмауы
Ал, Воскобовичтің қызықты ойындары балалардың қызығушылығын оятады. Сондықтан, ойлау мен назар аудару қабілеттері төмен балалармен жұмыс жасау тиімді болғандықтан, осы мәселені шешу мақсатында Жұлдыз балабақшасы Воскобовичтің дамытушылық ойындарын қолданып, «Қызықты ойын әлемі» атты жобасын тәрбиешілерге,балаларға таныстырып көрсетті. Тәрбиешілер сабақтарға осы технологияның ойындарын қолданып жатыр.
Дата: 5.06.2019, 10:32 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»