Әр бала бір жұлдыз
Жұлдыз балабақшасы бірнеше жыл мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген
бүлдіршіндерді мектеп табалдырығына шығарып салып,ұядан ұшырды. Балаларды осы жылдар ішінде адамгершілікке,достыққа, бауырмал болуға тәрбиелеген ол тәрбиешілер,осы жолда ол кісілердің еңбектері зор деген ата-аналардың алғысын алдық. Балалар балабақшамен қоштасу кешінде өлең айтып би билеп,көрініс көрсетіп алған білімдерін, ой-өрістерін өнерлерін ортаға салып, үлкен өмірге қадам басты.
Балаларға «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын» -дей отырып, «Әр бала бір жұлдыз» атты ертеңгілігімізді тамаша көңіл күймен аяқтадық.
Дата: 31.05.2019, 15:08 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»