Балабақшадағы ашық есік күні.
28 мамыр күні «Жұлдыз» балабақшасында ата- аналарға арналған ашық есік күні өтті. Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі міндетіміз.Бүгінгі балдырғандардың биік белестерінің баспалдағы – балабақша. Ал балабақша ата- ана – бала үштік одағы десек отбасының бала тәрбиесінде алатын орны бөлек. Балабақшаның күн тәртібімен, күнделікті өтетін ұйымдастырылған оқу қызметтерімен танысуға 30 ға жуық ата- ана қатысты. Келген қонақтарды бағдарламаның мазмұнымен балабақша директоры К.Б. Жакишева таныстырды.
Дата: 30.05.2019, 14:38 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»