Денсаулық кепілі – дәрумендер.
5-ші сәуірде «Жұлдыз» балабақшасында балалармен "Денсаулық кепілі – дәрумендер" атты әңгіме жүргізілді. Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Әңгімелесу барысында баланың ой қиялы, зейіні, шығармашылық қабілеті, сөздік қоры жетілдірілді. Балалар жемістер мен көкөністердің пайдасын біліп, қалай қолдану керек екенің түсінді. Іс-шараның соңында тәрбиеші балаларға логикалық ойын ойнатып, білімдерін тексерді.Тексеріс барысында дәрумендердің адам ағзасына пайдасын, олардың қандай тағамдарда болатынын білетіні анықталды. Демек, тәрбиеші іс-шараның мақсатына қол жеткізе алды. Балалар әңгімелесу барысында өздерінің тапқырлығын, ұйымшылдығын көрсете білді.