Ақпанның 22 күні «Жұлдыз» балабақшасында қазақтың көрнекті ағартушы – педагогы , жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсаринге бір күн арналды.

Ақпанның 22 күні «Жұлдыз» балабақшасында  қазақтың көрнекті ағартушы – педагогы , жазушы, этнограф, фольклоршы  Ыбырай Алтынсаринге бір күн арналды.

Ақпанның 22 күні «Жұлдыз» балабақшасында қазақтың көрнекті ағартушы – педагогы , жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсаринге бір күн арналды. 2- ші «Толағай» тобында «Мақта қыз бен мысық »ертегісін сахналап, суретін бояды. Ал « Еркетай» тобының тәрбиешісі З.З. Төлеукулова Ы.Алтынсариннің өмір жолы, шығармашылығы жайында тоқталып, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісін оқып берді.Соңында балалар ертегі желісі бойынша құмырсқаның суретін бейнеледі. «Колокольчик» тобы «Отец и сын» мысалын тыңдап, ересек «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілері « Бір уыс мақта» ертегісін кішкентай топ балаларына сахналап қойып берді. Бір күнгі іс шара соңында жас маман педагогтар Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша «Білгенге маржан» викторинасын өткізіп, «Асан мен Үсен» ертегісін сахналап шықты.

Дата: 26.02.2019, 13:30 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»