«Бір күнімді кітапқа арнаймын»
27 тамыз күні Жұлдыз балабақшасында «Жас оқырман жобасы» аясында «Бір күнімді кітапқа арнаймын» атты іс шара өткізілді. Іс-шараға ересек және орта топ балалары қатысты. Мақсаты: Кітап білімнің бас құралы екендігін түсіндіру, балалардың ерте жастан кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, балалардың ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын молайту. Балаларды кітапты ұқыпты ұстауға үйрету. Біздің ата – бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі », «Кітап – білім бұлағы», «Кітап – ғажап дос» - деп бекер айтпаған,барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайрымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді. Іс-шара «Шаттық шеңбер» аясымен басталды. Балалар шеңбер жасап бір-біріне деген қуанышын,сүйіспеншілігн, көтеріңкі көңіл күйлерін бір-бірін құшақтау арқылы білдірді. Тәрбиеші З. Төлеуғұлова. Ересек орта топтарына кітап оқудың бірнеше ережесі туралы мағұлмат бере отырып кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырды. Балаларды кітап көрмесіне апарып саяхат жасады. Тәрбиеші Бұлқайыр Аяулым «Бауырсақ» ертегісін оқып берді. Балалардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау,қиялын дамыту барысында балалар ертегіні саусақ театры арқылы көрсетті. Балалар жасырылған жұмбақтардың шешімін тапты.