«Қош бол, балабақша!»
30-31 мамыр күндері «Жұлдыз» балабақшасында «Қош бол, балабақша» атты «Қызғалдақ», «Колокольчик» топтарының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке барлық бала жақсы көңіл күймен, әдемі мерекелік костюмдерімен қатысып өздерінің оқу, білім, балабақша жайлы тақпақтарын үш тілде оқып, тәуелсіз еліміз, туған жер, бақытты балалық шақ туралы ән салып би биледі. Балаларға тосын сый иелері Вовка, Пэппи, Білгішбек және Жалқаубек әртүрлі тапсырмалар беріп қызықты әріптер мен математика әлеміне саяхат жасады. Ересек «Қызғалдақ» тобының балалары өздерінің актерлік қабілеттерін көрсете отырып «Шалқан» ертегісінен ағылшынша көрініс қойды. Ертеңгілік соңында балабақша директоры Жакишева К.Б. бүлдіршіндерге деген ыстық сезімін білдіріп ақ жол тілеп, ата-аналарға өз ризашылығын білдірді. Ал топ тәрбиешілері балаларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табыс етті.