Ынтамақ достық кепілі
26-27 сәуір күндері «Жұлдыз» балабақшасында Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған «Ынтамақ достық кепілі» атты ертеңгіліктер болып өтті. Бала бақшадағы басты мақсатымыз өсіп келе жатқан жас бүлдіршіннің бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын,өз елін, жерін сүйетін Қазақстан азаматын тәрбиелеу.Ертеңгілікте басқа топтың бүлдіршіндері әр ұлттың киімдерін киіп, әндерін айтып, ойындарын ойнап, ұлттық тағамдарын сыйға тартты. Үш тілде тақпақ айтып, әндерін орындап елімізде өмір сүретін әр ұлт өкілдерінің ынмақтастығын паш етті.
Дата: 27.04.2018, 17:25 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»